Тұрмыстық жағдайда тамақтан уланудың алдын алу
Профилактика пищевых отравлений в домашних условиях 11.12.2019

Шындығында ішек инфекциясы ауруларының жиі себебі – біз өзіміз, дәлірек айтқанда үй шаруасында қарапайым санитарлық ережелерді сақтамауымыз болып табылатынын әркім ойлана бермейді.

Ең біріншіден, тағамдық өнімді сатып алу барысында сапасыз тауарды алмас үшін жарамдылық мерзімі мен сақтау жағдайын мұқият қарау керек.

Барлық өнімдер тоңазытқышта өз қаптамасында (зауыттық қаптама немесе пакетте, қағазды қорапта (қарапайым немесе сапаландырылған), тағамдық пленкада, ыдыста және т.б.), болмаса арнайы жәшікте (көкөніс-жеміске, жұмыртқаға, және т.б. үшін) сақтау керек. Тоңазытқыштардың негізгі бөлімін +5°С температуралық жағдайда ұстау керек. Тағамдық өнімдерді қаптамасыз сөреде сақтауға болмайды, өйткені микробтар мен бактериялар әрқашан таза тоңазытқыштың өзінде, сондай-ақ өнімдерде де өмір сүреді. Дайын тамақ құйылған ыдыстардың ішіне қасық, ожау, шанышқыларды және басқа да қолданғыштарды қалдыруға болмайды, сондай-ақ кішкене ғана саңылаудың өзі дайын тағамның бұзылуына себепкер болуы мүмкін.

Көкөніс-жемістерді және жасыл өнімдерді пакетте сақтауда ауа айналымын ұйымдастыру керек. Олай болмаған жағдайда пленканың астына ұрықтан бөлінген ылғал жиналып, шіриді және өне бастайды.

Барлық өнім түрі үшін жарамдылық мерзімінің мәні зор, себебі сол уақыт аралығында балғындығын және өзінің құнды қасиетін сақтайды. Тез бұзылатын өнімдерді, оның ішінде сүт өнімдері, кондитерлік-кремдік, шұжықтық, аспаздық өнімдерді бөлмелік температурада сақтау кезінде жылжыған әрбір сағат өнімнің сақтау мерзімінің аяқталуы мен бұзылуының жақындап қалғанын аңғартады.Үйде кем дегенде 3 кесу тақтайын ұстаған жөн. Егер сіз, мысалы, тақтайға шикі балық, шикі етті кесіп, содан кейін сол тақтайға салат турасаңыз онда, балық пен еттен бөлінген бактериялар салаттан орын алады, температуралық өңдеуде зиянды микроорганизмдерді жою толығымен мүмкін болмайды. Ал үстелдің үстінде және кесу тақтайында қалған шикі өнімдердің қалдықтары бактерияның көбеюіне қолайлы қоректік орта туғызады. Кесу тақтайын әрбір пайдаланған сайын сабынды ыстық сумен жуу керек. Сондай-ақ уақытылы, мысалы, тақтайдың бетінде сызықтар мен сынықтар пайда болғанда ауыстырып тұруды ұмытпау керек. Шикі және қайнатпа өнімдерді жасауда бөлек құралдарды қолдану қажет, сондықтан ет өткізгіш, кескіш, миксерлер кем дегенде 2 жиынтықтан болу керек. Әйтпесе шикі өнім микробтары сіздің ағзаңызға сөзсіз көшеді. Етөткізгіштерді, көкөніскескіштерді және басқа да машиналық құралдарды тамақ дайындап болған соң содалық ерітіндімен жуып, ыстық сумен тазалау қажет.

Үй шаруасындағы әйелдерге шикі фарш (етте көп бактериялар бар, олар дұрыс жылулық өңдеуде зиянсыз болып табылады.), шикі қамырдың дәмін татуға мүлдем болмайды.

Жұмыртқаға ерекше назар аударыңыз: жұмыртқаны жумай-ақ бөлек жәшікте, басқа өнімдерден бөлек сақтауға болады. Ең жақсысы оларды содалық ерітіндіге салып, сабынды суда шүберекпен жуған дұрыс. Мұндай таза жұмыртқаларды тарамен тоңазытқыштарда 12 күнге дейін сақтауға рұқсат. Шикі жұмыртқамен жұмыс жасап болған соң сальмонеллез ауруынан сақтану үшін міндетті түрде қолды сабынды сумен жуу керек.

Сондай-ақ көкөніс, жеміс-жидектерді мұқият тазалап жуу керек. Себебі, топырақпен жанасқан өнімдер әр түрлі қоздырғыштарды (олардың ішінде өте қауіпті ауру тудырушы микроағзалар да бар) өзімен бірге тасымалдайды.

Дайын тағамдық өнімдердің микробтармен қайта ластануы көше саудасында жиі кездеседі. Бұл өнімдердің ластануы шаңмен, топырақпен, желмен тасымалдануы нәтижесінде жүреді. Өнімдердің ластануы ауру адам және ауру тасымалдаушымен де болуы мүмкін. Осындай кейіпте балмұздақ, кондитерлік өнімдер, сусындар, салаттарда микробты ластанулар кездеседі.

Жолға шыққанда өзімен бірге нені алу ұсынылады, әсіресе поезда? Тамақтан уланудан қорықпай темір жол бекетінде қолдан бірнәрсе сатып алуға болады ма? Айтуға оңай, алудың қажеті жоқ. Ондағы барлық өнімдер тоңазытқышта сақтауды талап етеді: шикі мал етін айтпағанда, қайнатылған, қуырылған өнімдер. Шикісүрленген шұжық, нан, консервілер 1 тәулікке дейін жарамды, сондықтан тоңазытқышсыз сақтауға болады. Өзіңізбен бірге жуылған көкөніс-жемістерді алуға болады, егер олардың қабығы зақымданбаған болса жақсы сақталады. Жоғары температура кезінде, әсіресе жазда, азық-түліктер өте тез бұзылады. Вагондағы жеке сатушының сатып жатқан өнімдері өте қауіпті. Бұл жерде кез-келген санитарлық-гигиеналық бұзушылықтар кездесуі мүмкін. Сондықтан бекетте қолдан ештеңе де алудың қажеті жоқ.

Егер сіз ауырып қалсаңыз, келесі белгілер байқалады: дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, бас ауруы, іштің ауруы, лоқсу, құсу, диарея (іш өту).

Жедел ішек инфекциясы ауруларының алдын алу шаралары және тағамдық өнімдерді дайындау, сақтау, тасымалдау және тарату жағдайларына қойылатын санитарлық-гигиеналық іс-шаралар да жеткілікті.

Ішек инфекциясы ауруларының қоздырғыштары көбінесе көкөніс-жемістердің қабығында болады, сондықтан ағып тұрған ыстық суға шаруашылық сабынды пайдаланып мұқият жуу керек.

Тамақтан уланудың қауіпті тобына салат, сүт, балықтан жасалған, торт және көржік секілді тез бұзылатын тағамдық өнімдер жатады. Сондықтан оларды +2 +6°С температурада сақтау және қойылған жарамдылық мерзімдерін қатал түрде қолдану керек.

Сүт өнімдерін заңсыз сауда орнынан, танымайтын сатушының қолынан алуға болмайды. Ал шикі сүтті қолданар алдында міндетті түрде қайнату қажет.

Үйде өндірілген консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністі сатып алмау керек, себебі, олар тамақтан уланудың ауыр түрінің, ботулизм сияқты аурудың себепкері болуы мүмкін. Жыл сайын құрамында ботулин токсиндері бар консервіден уланған өлім жағдайлары тіркеледі.

Жұмыртқаны шикі түрінде қолданбау керек, қайнатқанда кем дегенде 8 минут, қуырған кезде 2 бетін аударып пісіру керек.

Ыстық мезгілде жартылай фабрикаттық өнімдерді, майонез қосылған салат өнімдерін қолдануды азайту керек.

Базарда және бақшалық телімде жуылмаған жеміс-жидектердің, көкөністердің дәмін татуға болмайды.

Ас үй бөлмесі таза болу керек. Кез келген жер тамақты ластауы мүмкін, сондықтан дайындау беттері үнемі тазаланып отыру керек. Әрбір тағам тілімін, ұсағын және лас дақтарды микроб резервуарынан ажырату үшін дұрыстап қарау керек. Ыдыстарды жуу кезінде арнайы жуғыш ерітінділерді немесе тағамдық соданы қолдану керек. Жиі ішек инфекциялары ауруының көзі болып табылатын ас үй сүлгісімен таза ыдысты сүртпеу керек.

Жиі қол жуыңыз. Шикі өнімдерді, балық, ет немесе құс етін бөлген соң әрдайым қол жуып отыру, жұмысқа кірісер алдында тағы да қол жуу керек. Егер сіздің қолыңызда жарақат болса, тамақ дайындар алдында міндетті түрде жабыстырғышпен орау қажет.

Тамақ пен ыдысқа шыбынның қонбауын қадағалаңыз. Шыбындарды арнайы аэрозольдермен жою керек. Шыбынның аяқтарында, денесінде және ішінде жедел ішек инфекциясы ауруларының қоздырғыштары кездеседі.

Егер жанұяңызда кімде-кім ішек инфекциясы аурумен ауырған жағдайда, оны басқа жанұя мүшелерінен оңашалау керек. Жеке ыдыс пен жеке сүлгі бөліну керек. Науқас әжетханаға әр бір барған сайын антибактериялық сабынмен қолын жуғаны жөн. Әжетхана есігінің тұтқасы мен жуыну бөлмесін дезинфекциялық ерітіндімен күніне бірнеше рет жуып тұру керек.

Үй жағдайында дезинфекциялық ерітінділерді көкөніс, жеміс, жасылдарды өңдеу үшін қолдануға болады. Мысалы: «Микрохлор», ол ұнтақ түрінде шығарылады, көкөніс және жемістерге қолданғаннан соң ағып тұрған салқын суға мұқият жуу қажет. Бұл ерітінділер бактерияларды, пестицидтерді, саңырауқұлақ, паразиттерді жақсы жуады және бейтараптайды және көкөніс-жемісті таза, тұтынуға қауіпсіз етіп, оның сапасын сақтайды.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы » ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қазалы аудандық бөлімше бастығы А.И Қосымова