Соңғы атқарған лауазымы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Түркістан облысы бойынша Дезинфекция орталығы» «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының директоры.
Туған күні
1973 жылғы 15 ақпан.
Білімі
Қарағанды мемлекеттік медицина институты, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы, біліктілігі — дәрігер-гигиенист, эпидемиолог.
Еңбек қызметі
2003 жылғы қыркүйектен бастап — Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы гигиена» пәнінің оқытушысы.
2004 жылғы қазаннан бастап — Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитариялық-гигиеналық бөлімінің бас маманы.
2004 жылғы қарашадан бастап — Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитариялық-гигиеналық бөлімінің бас маманы.
2007 жылғы маусымнан бастап — Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің коммуналдық объектілер және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас маманы.
2009 жылғы ақпаннан бастап — Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің тамақтану объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі бас маманы.
2011 жылғы желтоқсаннан бастап — Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мектепке дейінгі және мектептегі білім беру объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы.
2014 жылғы тамыздан бастап — Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мектепке дейінгі және мектептегі білім беру объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы.
2014 жылғы желтоқсаннан бастап — «Green Land Corporation» ЖШС санитариялық-гигиеналық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
2015 жылғы қазаннан бастап — ҚР ҰЭМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының санитариялық дәрігері.
2016 жылғы қыркүйектен бастап — «Қауіпсіздік және сапа» ЖШС директоры.
2016 жылғы қарашадан бастап — жеке кәсіпкер.
2017 жылдан бастап — «Стандарт ОРД» ЖШС жобаларды санитариялық-эпидемиологиялық бағалау жөніндегі сарапшысы.
2019 жылдан бастап — «Оңтүстік Сараптама» ЖШС жобаларды санитариялық-эпидемиологиялық бағалау жөніндегі сарапшысы.
2022–2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының «Түркістан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы» мамандандырылған бөлімшесінің биологиялық қауіпсіздік жөніндегі маманы.