Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЭПИДЕМИОЛОГ КӨМЕКШІСІ БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСТЫРУҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) дезинфекциялық бөлімінің эпидемиолог көмекшісі бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары

Дезинфекциялық бөлімінің эпидемиолог көмекшісі бос лауазымына орналастыру конкурсына "Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

Лауазымдық міндеттері

1. Дезинфекциялық бөлімінің қызметін жүзеге асырады, қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді және орындалуы міндетті өкімдер мен тапсырмаларды орындайды.

2. Филиалдың дезинфекция бөлімінің қызметіне жүргізілетін дезинфекциялық іс-шаралардың көлемі, толықтығы және сапасы бойынша мониторинг пен талдау жүргізеді.

3. Аса қауіпті инфекциялар (АҚИ) және басқа да аса қауіпті жұқпалы аурулар ошақтарында жұмыс істеуге персоналды теориялық және практикалық тұрғыдан даярлайды.

4. Жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулар, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулар анықталған кезде филиал аумағында ошақтық дезинфекция жүргізуді ұйымдастырады.

5. Эпидемиологиялық жағдай күрделенген кезде жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулар, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулар кезінде ошақтық дезинфекция жүргізуге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

6. Медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын ошақтық дезинфекция мәселелері бойынша оқытуға қатысады.

7. Қорытынды дезинфекция жүргізу мәселелері бойынша семинарлар өткізуге және мамандарды даярлауға қатысады.

8. Дезинфекциялық құралдарды, дезинфекциялық мүкәммалды және жабдықтарды, жеке қорғаныш құралдарын, құжат бланкілерін және есепке алу құжаттамасын сатып алуға өтінімдер әзірлеуге қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.


Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу жүргізу;

3) конкурс қорытындысын шығару.


Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.



Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін (сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс) Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85А үй мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталуы: 2026 жылғы 04 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8 (777) 246 04 98