Астанада өткен жаппай велошеруге ҰКП-ның 30-дан астам қызметкері қатысты
Более 30 сотрудников НЦЭ приняли участие в массовом велопробеге в Астане 01.05.2018

1 мамырда Ұлттық сараптама орталығы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық Шеруі» жаппай велошеруіне қатысты.

Мерекелік велошеру 1000-нан астам қатысушылардың басын қосты. Олардың арасында атақты велошабандоздар, әскери қызметкерлер, сондай-ақ 12 жастан асқан елорда тұрғындары мен қонақтары болды.

Барлық қатысушылармен бірге орталық аппарат пен Астана қаласы филиалының қызметкерлері басты нышан – «Бәйтерек» монументін айналып 4,1 шақырым жол жүрді. Белгілі бір себептермен қатыса алмаған қызметкерлер де келіп, әріптестерін ду қол шапалақтап, алдын ала дайындалған плакаттармен қолдады.

Велошеру соңында тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Қатысушыларымыз бүгін басталған бұл дәстүр келесі жылы да жалғасын табады деп сенеді.

Сондай-ақ, ҰКП көркем жерлермен өтетін ұзындығы 30 шақырымды құрайтын алтыншы қайырымдылық «Burabike» велошеруіне қатысуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, велошеруді елордалық мәдениет және спорт басқармасы мен Астана қаласының ҚХА бірлесіп ұйымдастырған болатын.

DSC_0268.JPG

DSC_0286.JPG

IMG-20180501-WA0027.jpg