Ауыз су сапасына зертханалық бақылау қажет
02.05.2018

Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз су тазарту ғимараттарды жобалауда ауыз судың сапасына ұсынатын талаптар негізгі мәліметтер болып есептеледі. Ауыз судың сапасы мемлекеттің 2874-82 "Ауыз суы" деген стандартының қойған талаптарына сәйкес болу керек. Судың сапасы сипатталатын негізгі көрсеткіштеріне лайлылық, түстілік, судың иісі мен дәмі, кермектілік, сілтілік, тотықтандыру, құрғақ қалдық және әртүрлі химия заттардың мөлшері, бактериялардың жалпы саны, коли-титр, коли-индекс кіреді. Лайлық дегеніміз судағы қалқыма заттардың мөлшері. Стандарт бойынша ауыз судың лайлығы 1,5 мг/л-ден аспау керек. Судың түстілігі пайда болатыны суда бояйтын заттардың, балдырдың және фульвоқышқылының әсері. Ауыз судың түстілігі, платина жөне кобальт шкаласы бойынша 20 градустан артық болмау керек. Ауыз судың дәмі мен иісі бес баллды шкала бойынша судың +20°С температурасында 2 баллдан артық болмау керек. Активтік реакция судың сілтілік немесе қышқылдық дәрежесін көрсетеді, ол сутегінің иондарының концентрациясымен сипатталынады. Стандарт бойынша ауыз судың РН 6 мен 9-дың аралығында болғаны жөн.

Судың кермектілігі кальций мен магнийдің ерітілген тұзының мөлшерін көрсетеді Ауыз судың жалпы кермектілігінің шекті мөлшері 7,0 мг-экв/л-ден аспау керек, ерекше жағдайларда 10 мг-экв/л-ге дейін рұқсат етіледі. Тотықтандыру судағы ерітілген органикалық және кейбір тез тотықтанатын бейорганикалық заттардың мөлшерін көрсетеді Стандарт бұл көрсеткішке талап ұсынбаса да судың жоғары тотықтандыруы оны ағын сумен ластанғанын көрсетеді. Құрғақ қалдық судағы еріген тұздардың жалпы мөлшерін көрсетеді. Ауыз суының құрғақ қалдығы 1000 мг/л-ден аспау керек Әртүрлі химия заттарының ауыз судағы мөлшерін алып қарағанымызда жалпы темірдің мөлшері 0,3 мг/л-ден артық болмау керек Марганецтің мөлшері 0,1 мг/л-ден аспау керек. Хлоридтің мөлшері 350 мг/л-ден, сульфаттың - 500 мг/л-ден аспау керек. Мыстың мөлшері 1,0 мг/л-ден аспау керек, мырыштың - 5,0 мг/л-ге дейін, қорғасындікі - 0,03 мг/л-ге дейін, мышьяктікі - 0,05 мг/л-ге дейін, бериллийдігі - 0,0002 мг/л-ге дейін, селендікі - 0,001 мг/л-ге дейін, нитраттар - 45,0 мг/л-ге дейін болу керек. Ал фтордың мөлшері 0,7 - 1,5 мг/л аралығында, климат аудандарына байланысты. Ауыз суда бактериялардың жалпы саны 1 мл/де 100-ден артық болмау керек. Коли-титр дегеніміз бір ішек таяқшасы бар судың см3-мен өлшенетін көлемі. Коли-титр 300-ден кем болмау керек Коли-индекс -1 л судағы ішек таяқшасының саны, ауыз суда коли-индекс 3-тен аспау керек. Қазіргі заманның гигиена ғылымы елді сумен қамтамасыз ететін көздерге қатаң талап қояды. Бұрын суды бір рет тазартса да жетеді, деп есептелініп келген еді. Алайда, тазарту техникасының орасан зор мүмкіндіктерге ие болғанына қарамастан, тіпті жақсы жабдықталған сүзгі станцияларының болуына, оларды мінсіз пайдалануға қарамастан ел арасына осы көздерден іш аурулары таралып кетіп жүр. Сондықтан ауыз суды тазарту мен зиянсыздандырудың алуан түрлі тәсілдеріне, су көздерін қорғаудың санитарлық-гигиеналық шараларына мән беріліп келеді. Тазалық – денсаулық кепілі екені естеріңізде болсын. 

ҚР ДСМ ҚДСК «ҰСО» ШЖҚ РМК

Атырау облысы бойынша филиалының

Мақат аудандық бөлімшесі

басшысының у.м.а. Г.Т.Ердыбаева