ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы «7-сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күні» мерекесіне байланысты М.Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағында спорттық веложарыс ұйымдастырды.
Филиал зертханалары мен аудандық бөлімшелерінен 30 –дан аса маман қатысып, М.Горький атындағы саябақ аумағының бағдары 5 км құрайтын бағытта жүріп өтті.
Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Санат Саптаев, осындай корпоративтік іс-шаралар мотивацияландырудың маңызды құралы болып табылады сондай-ақ, командыларды біріктірудің тиімді тәсілдерінің бірі-деп атап өтті.
«Адамдар жақсы сергектік қуатымен және көтереңкі көңіл-күймен жүруі үшін бүгінгі таңда біз жастар мен ересектерді бір мақсатпен біріктірдік. Спорт-бұл денсаулық, күш қуат, жастық пен ұзақ өмір сүрудің басты кепілі. Қызметкерлердің денсаулығына қоса рухани қуаттылғы да нығайады,-деді Санат Қасымұлы.
Веложарыс соңында барлық қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.