Менингококк жұқпасының және бактериялық менингиттің нысаны
Формы  менингококковой инфекции и бактериальных  менингитов 13.05.2016

Жұқпалар процесі негізгі бас миының жұмсақ қабатынан жұлынның жоғарғы бөлігіне дейін таралады. Шырышты қабыршақты микроағзалар жұтқыншақтың артқы қабырғасында орналасады. Менингит ауруы адамдарға ауа арқылы тамшы жолдарымен беріледі. Табиғатта адам менингококк жұқпасының жалғыз тасымалдаушысы. Аурулардың негізгі нысандары мұрын мен жұтқыншақтың қабынуынан және қалыпты тасымалдаушылардан таралады.

Қоздырғыштар ауа-тамшысы жолдарымен жөтел, түшкіру кезінде және зақымдалған сілемей арқылы (емізік, ойыншықтар, қасықтар, ыдыс-аяқ) беріледі. Менингококк жұқпасы салқын мезгілдегі адамдар көп жүретін жабық жайлардағы көпшілік орталарда немесе санитарлық-гигиеналық тазалықтың (ортақ сүлгілер, төсек жабындылары, ыдыс-аяқтар, балалар ойыншықтары) сақталмауынан тез таралады. Мұрын мен жұтқыншақ қабынулары көп жағдайда иммунитеті қалыптаспаған нәрестелерде болады. Қалыпты тасымалдаушылар арқылы таралатын жұқпалар мен менингококктың мұрын мен жұтқыншақ қабынуларының сипаттамалары ересектер мен жасөспірімдер арасында кеңінен кездеседі.

Сырқаттанушылық жастар арасында адамдар жиі (жатақханалар, казармалар) және тығыз орналасқан тұрғылықты орындарға байланысты өседі. Қыс-көктем мезгілдері (10 жылда бір рет) менингококк жұқпасының нағыз өршейтін уақыты.

Негізінен менингококк ауруы бірнеше сатылардан тұрады:

1) 2-7 күн - симптомсыз, кейде апта немесе айға созылады.

2) Мұрын мен жұтқыншақ қабынулары. Клиникасы - жалпы әлсіздік, төмен сұрыпты қызба, бас ауруы, өңеш аурулары, құрғақ жөтел, ринит т.б. болады.

3) менингит жалпылама жұқпа болып табылады. Ол сондай-ақ, менингококк пневмония, эндокардит, артрит түрінде танылады.

4) менингококк сепсис, терідегі бөрітпелермен сипатталып,айналасы тамырланады.

5) Пневмонияға, полиартритке, перикардитке әкеліп, бүйрекке әсер етеді. Менингит- мұрын мен жұтқыншақ қабынуынан миға әсер етіп, дене қызуының ауыр түрдегі жағдайына әкеледі. Осы ауруға шалдыққан науқастар көбіне ақыл-есі өзгеріп ес-түссіз жағдайға жетеді. Мида ісік пайда болып, менингит ауруы менингоэнцефалитіне айналады. Халық қағидасында "Ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол ізде" дегендей аурудын алдын алған жөн.