Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

УЧЁНЫЙ СОВЕТ НАЦИОНАЛЬНОГО ЦЕНТРА ЭКСПЕРТИЗЫ ОФИЦИАЛЬНО ПРИСТУПИЛ К РАБОТЕ 10.12.2025

10 желтоқсанда Ұлттық сараптама орталығында кәсіпорынның ғылыми және сараптамалық қызметін дамыту жөніндегі міндеттер жүктелген алқалық орган – Ғылыми кеңестің жұмысы басталды.
Кеңес құрамына медициналық, химиялық және биологиялық ғылымдар саласындағы докторлар мен кандидаттар кірді. Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерубаев Т.Қ.-ның төрағалығымен өтті.
Отырыс барысында ол Кеңестің 2026 жылға арналған миссиясы мен негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды. Ғылыми кеңестің қызметі кәсіпорынның ғылыми күн тәртібін қалыптастыруға, ғылыми-техникалық және өндірістік бағдарламаларды дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетелдердің ғылыми және өндірістік ұйымдарымен өзара іс-қимылды үйлестіруге бағытталған.
Айта кету керек, Ұлттық сараптама орталығы ғылыми бастамаларды іске асыруға және инновациялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік беретін қажетті инфрақұрылымға, материалдық-техникалық базаға және кадрлық әлеуетке ие.
Ғылыми кеңестің жұмысты бастауы ғылыми бағытты нығайту және ұлттық деңгейде сараптамалық қызмет сапасын арттыру жолындағы маңызды кезең болып табылады.

Сурет галереясы

ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ 1 ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ 2