Кордай ауданында Қазақстан Республикасы Ұлттық сараптама орталығының жаңа зертханасы ашылды.
Шараға Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Суюндиков Т.О., Кордай ауданы әкімінің орынбасары Сугирбаева Д.М., Жамбыл облысы Кордай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Аскаров М.А., сондай-ақ жергілікті әкімшілік өкілдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Ашылу рәсімінде Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Талгат Суюндиков Басқарма төрағасы Ерлан Киясовтың құттықтауын жеткізді, ол зертхананың ашылуы Кордай ауданы мен Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын нығайту үшін, сондай-ақ еліміз үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.
Салтанатты бөлімнен кейін қонақтарға зертхана бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушылар әр бөлімнің жұмысымен танысып, зертхананың санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ететін жоғары дәлдіктегі зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін бағалады.
Жаңа зертхананың ашылуы бактериологиялық, паразитологиялық, микробиологиялық, радиологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеулерді жүргізуді, сондай-ақ аса қауіпті инфекцияларға талдау жасауды және дезинфекция жұмыстарын жүргізуді қамтитын маңызды санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулердің кең ауқымын орындауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеулер халық денсаулығына қауіптерді жедел анықтап, алдын алуға көмектеседі, өңірдің қауіпсіздік және әл-ауқат деңгейін арттыруға жәрдемдеседі.