Басты мақсат - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге үлес қосу
Основная цель – содействие обеспечению санитарно-эпидемиологического здоровья населения 13.12.2019

Елбасымыз «Басты байлығымыз - Ұлт саулығы» деп атап көрсеткендей, біздің ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орта лығы» ШЖҚ РМК «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы 1984 жылдан арнайы мамандандырылған кәсіпорын ретінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытында өзіндік үлесін қосып, бір қатар оңды жұмыстар атқарып келеді.

Жылма-жыл облысымыздың аса қауіпті ауруларының табиғи ошақтары орналасқан аудандардың елді мекендерінде тосқауылдық дезинсекция, дератизациялық іс шараларын жүргізуде. Бұл іс шаралар кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алып, орасан экономикалық шығынның жіберілмеуіне бағытталған профилактикалдық және жойғыш іс шаралар кешені. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс жоспары негізінде жұқпалы, паразитарлық және аса қауіпті аурулар ошақтарында денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының сұраныстары мен жедел хабарламалары бойынша дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс шараларды жүзеге асырады.

Біздің кәсіпорын қазіргі таңда объектілер мен эпидемиялық, аса қауіпті аурулардың табиғи ошақттарында сапалы санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс шаралар жүргізу үшін бүгінгі күннің  талаптарына сай замануи құрал жабдықтармен, сертификатталған отандық және шетелдік дәрі дәрмектермен, стационарлық және жылжымалы камералық дезинфекциялық қондырғылармен, біліктілік санаттары бар медициналық білімді мамандармен толықтай қамтамасыз етілген, барлық рұқсатнамалық құжаттары бар, жұқпалы паразитарлық және аса қауіпті аурулар ошақтарын бұғақтау мен жоюдың  республикалық және халықаралық алгоритмдері мен стандарттарына сәйкес кешенді іс шаралар атқаратын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты, облыс көлеміндегі бірден бір халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ететін жалғыз мемлекеттік кәсіпорын.

Әр аудан орталықтарында өз өкілдіктеріміз бар, олар жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау мекемелері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орындарымен бірлесе өздеріне жүктелген іс шараларды сапалы түрде атқарып келеді. Дезинфекция орталығында әзір өнімдерді пайдалану ұйымдастырылуымен қатар, келісім шарттарға сәйкес кепілдік міндеттірінің сақталуымен профилакикалық іс-шаралар да жүзеге асырылады, оның екі жаққа тиімді жағы қарастырылып, бірнеше ретте, бір ретте жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайлар белгілі нысандар мен ошақтарда ғана жүзеге асырылып қана қоймай, елді мекендер аумағында  толық көлемде атқарылса, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы қамтамасыз етіліп, халықтың тұрмыс тіршілік жағдайы мен денсаулығы да жақсарар еді. Біздің кәсіпорынның басты мақсатыда осы.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК
«Ұлттық сараптама орта лығы» ШЖҚ РМК
«Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы»
филиалының
М. А. Уразбаев