Loader icon загрузка
Услуги

Гигиеналық оқыту

Халықтың декреттік тобын гигиеналық оқыту – халықтың декреттік тобын жұқпалы аурулар профилактикасына, нысандарды пайдалану және орналастыруға қойылатын гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, білім алушы мамандығына сәйкес жеке және қоғамдық гигиена талаптарына оқыту.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 449 бұйрығына сәйкес, гигиеналық оқыту ұйымдастырушылық-құқықтық формасы мен меншік түріне тәуелсіз жұқпалы және кәсіптік аурулардың таралу қаупі жоғары кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Оқыту мақсаты – жұқпалы, жұқпасыз, кәсіптік аурулардың, интоксикация және уланудың алдын алуға арналған ұлттық экономика салаларының қызметкерлерін гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және жүргізу ұстанымдарын анықтау.

Декреттік халық тобын гигиеналық оқыту бағдарламасы бойынша Кодекстің 148 бап 5 тармағына сәйкес халықтың санитарлық-гигиеналық игілігі саласындағы мемлекеттік орган бекітетін бағдарламалар бойынша гигиеналық оқыту.

Menu icon Аттестация рабочих мест Menu icon Медицинский осмотр Menu icon Очистка вентиляционных систем Menu icon Дезинфекционные услуги Menu icon Гигиеническое обучение декретированной группы населения